«Қайрат» U17 Бейжіңде «Вулверхэмптонға» төрт гол соқты
Бөлісу

Фото: турнирдің баспасөз қызметі
«Қайрат» U17 Great Wall International Youth Football Invitational турниріндегі алғашқы матчында «Вулверхэмптонды» 4:0 есебімен жеңді.
Алматылық команда сапынан Нұрали Салимов, Радмир Вдовин, Тамерлан Сарсымбаев және Нұрхад Нұрымов гол соқты. Осы жеңістің арқасында қазақстандықтар үш ұпай еншіледі. Топтық кезеңдегі қалған матчтарда «Қайрат» Бейжіңнің U16 құрамасымен және «Аустриямен» кездеседі.
Турнир Бейжіңде 24 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Жарысқа сонымен қатар мадридтік «Реал», ПСВ, «Андерлехт» және «Аугсбургтің» жасөспірімдер командалары қатысуда. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға жолдама алады.