«Қайрат» жарақат алған Жоржиньоның орнына үміткер тапты

Али Асетов··
«Елімай» ФК

«Елімай» ФК

Алматылық «Қайрат» шабуыл шебін күшейту мүмкіндігін қарастырып, бразилиялық шабуылшы Рожерио Шинеге қызығушылық танытып отыр.

ASnews.kz мәліметінше, жаңа шабуылшы іздеу қажеттілігі Жоржиньоның жарақатына байланысты туындаған. Алматылық клубтың негізгі шабуылшысы Португалияда отадан сәтті өтті. Алайда оның алаңға шыға алмауы команда басшылығын трансфер нарығына қайта оралуға мәжбүр етті.