«Қайрат» – «Жеңіс»: ҚПЛ матчының тікелей трансляциясы

«Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында елордалық «Жеңісті» қабылдайды.
Кездесу 9 қыркүйекте Алматыдағы «Орталық» стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Жанкүйерлер ойынды KFF League YouTube арнасының тікелей эфирінен көре алады. Сондай-ақ кездесудің ең маңызды сәттерін Sport-hub.kz Telegram арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Матч алдында «Қайрат» ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Алматы командасы 23 ойында 54 ұпай жинаған. Көш бастап тұрған «Ордабасыдан» бір ұпайға қалып келеді, алайда шымкенттік клуб бір ойын артық өткізді. «Жеңісті» жеңген жағдайда, Қазақстанның қазіргі чемпионы бірінші орынға көтеріледі.
«Жеңіс» 23 матчтан кейін 29 ұпай жинап, тоғызыншы орында келеді. Елордалық команда алдыңғы турда «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді. Ал «Қайрат» соңғы кездесуінде «Каспийді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.