«Қайсар» – «Жеңіс» Қазақстан Кубогының жартылай финалын қайдан көруге болады
Бөлісу

Фото: fckaysar_official
Бүгін Қызылордада Қазақстан Кубогының алғашқы финалисі анықталады. «Қайсар Арена» стадионында жергілікті «Қайсар» мен елордалық «Жеңіс» кездеседі.
Ойынның басталуы Астана уақыты бойынша 20:00-ге жоспарланған. Тікелей трансляцияны SPORT+ телеарнасы көрсетеді.
Екі команда да жартылай финалға дейін ауыр жолдан өтті. «Жеңіс» алдыңғы кезеңде петропавлдық «Қызылжарды» жарыстан шығарса, «Қайсар» «Тобылды» пенальти сериясында жеңді.
Бүгінгі матчтың жеңімпазы финалда «Ордабасы» – «Алтай» жұбының үздігімен кездеседі. Алғашқы жартылай финалдық ойын шымкенттік клубтың 3:1 есебімен жеңісімен аяқталған.