Қайыровтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Бөлісу

«Ақтөбе» ФК
33 жастағы футболшы Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында өтетін «Каспий» – «Ақтөбе» матчына қатысуы мүмкін. Қазіргі уақытта Қайыров жарақатына байланысты Астана қаласында ем қабылдап, оңалту жұмыстарын жүргізуде.
Егер қорғаушының жағдайы толық қалпына келіп, команда дәрігерлерінен рұқсат алса, ол аталған кездесуге қатысып, ойынды қосалқы құрамнан бастауы ықтимал. Осылайша Қайыров ұзақ үзілістен кейін команданың ойындарына қайта қосылуы мүмкін.
Айта кетейік, Бағдат Қайыров соңғы матчын Премьер-лиганың 19-туры аясында «Оқжетпеске» қарсы өткізген. Содан бері жарақатына байланысты «Ақтөбенің» бірнеше кездесуін өткізіп алды.