Қазақстан 2026–27 жылдары тарихта тұңғыш рет жеті әлем чемпионатын қабылдайды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
2026–2027 жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлері мен киберспорт бойынша жеті әлем чемпионатын қабылдайды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2026 жылы елімізде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Ал 2027 жылы Астана бірден алты әлем біріншілігін қабылдайды:
28–31 қаңтар – жасөспірімдер арасындағы шорт-тректен әлем чемпионаты;
10–26 сәуір – бокстан әлем чемпионаты;
22–30 мамыр – үстел теннисінен әлем чемпионаты;
1–14 маусым – дзюдодан әлем чемпионаты;
7–13 шілде – таэквондодан әлем чемпионаты.
Сонымен қатар Астанада киберспорттан әлем чемпионаты да өтеді. Алайда оның нақты мерзімі әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет еліміз екі жыл ішінде бірден жеті әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болып отыр.