Қазақстан әйелдер лигасының 16-туры: «Атырау» «Жетісуды» жеңді, «Алтай» мен «Тобыл» тең түсті

Фото: instagram.com/wfcaltaioskemen
Қазақстан әйелдер лигасының 16-турында «Атырау» «Жетісуды» жеңсе, «Алтай» мен «Тобыл» жеңімпазды анықтай алмады.
«Атырау» – «Жетісу» – 3:1
Батыс Қазақстан клубының футболшылары ойын тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп қойды. Алдымен 7-минутта Ступина есеп ашты. Кейін 16-минутта пенальтидің көмегімен «Атырау» есепті 2:0-ге жеткізді. 33-минутта Касен қонақтар қақпасына үшінші голды соғып, командасының басымдығын нығайтты.
Талдықорғандық команда матч соңында тек бір голмен жауап бере алды. 84-минутта Мақсат есеп айырмасын қысқартты.
Қазіргі таңда «Атырау» А тобында 20 ұпаймен 5-орында тұр. Ал «Жетісу» 14 матчтан кейін 9 ұпай жинап, екі саты төмен орналасқан.
«Алтай» – «Тобыл» – 1:1
Параллель өткен кездесуде Өскемен клубының қыздары «Тобылды» қабылдады. Матчтың басы қонақтар үшін сәтті болды — 11-минутта Компаниец «Алтайды» алға шығарды. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Алайда екінші таймда алаң иелері ойын барысын өзгертіп, тепе-теңдікті қалпына келтірді. 59-минутта Кузнецова есепті теңестірді. Қалған уақытта гол соғылмай, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Осы нәтижеден кейін «Тобыл» әйелдер командасының еншісінде 22 ұпай бар және В тобында 5-орында тұр. Ал «Алтай» турнир кестесінде 9-орынға жайғасты.