Басты бет
·
Футбол

Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеуден шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстанның әйелдер футбол құрамасы 2027 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында Ирландиядан екінші рет жеңілді.

Қарымта кездесу Ирландияның Корк қаласында өтіп, алаң иелері 4:0 есебімен жеңіске жетті. 40-минутта Джесси Стэплтон есеп ашса, екінші таймның басында Кэти Маккейб басымдықты еселей түсті. 70-минутта Люси Куинн гол соқты. Ал Дениз О’Салливан матчтың қорытынды есебін белгіледі.

Командалар арасындағы алғашқы ойын 9 қазанда Астанада өтіп, Ирландия 8:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Осылайша, Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері қос матчтың қорытындысы бойынша 0:12 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Ирландия құрамасы плей-офф кезеңінің екінші раундына жолдама алып, Польша құрамасымен кездеседі. Екі ойыннан тұратын текетірес 26 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Жеңімпаз 2027 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.