Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Азия чемпионатындағы жарысты аяқтады

Каирбек Тулегенов ··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қытайдың Тяньцзинь қаласында әйелдер арасындағы волейболдан Азия чемпионатының топтық кезеңі аяқталды.

Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсетті. Волейболшыларымыз үш матчтың біреуінде жеңіске жетіп, екі рет жеңіліс тапты. Нәтижесінде топта үшінші орын иеленді.

Турнир регламентіне сәйкес, әр топтағы алғашқы екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалардың арасынан көрсеткіші үздік болған екі команда ширек финалға жолдама алды. Қазақстан құрамасы үздік көрсеткішке ие үшінші орын алған командалардың қатарына кіре алмай, медаль үшін күресті тоқтатты.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы тоғызыншы орынға жайғасты.

Құрлық біріншілігінің жүлдесі үшін күресті Қытай, Таиланд, Индонезия, Жапония, Вьетнам, Қытайлық Тайбэй, Оңтүстік Корея және Иран құрамалары жалғастырады.

Қазақстан әйелдер волейбол құрамасы Азия чемпионатындағы жарысты аяқтады – sport-hub