Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі қалай басталды?

Мерей Дінмұхаммедұлы··
Сали Сабиров

Сали Сабиров

Қазақстан құрамасы Qazaqstan Barysy Grand Slam бәсекесін екі жүлдемен бастады

Дзюдодан халықаралық Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазақстан құрамасы 60 келіге дейінгі салмақта қос жүлдеге қол жеткізді.

Талғат Орынбасар екінші жыл қатарынан турнирдің финалына дейін жетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Жартылай финалда отандасымыз осы салмақтағы басты фаворит, Токио Олимпиадасының жүлдегері тапейлік Янг Юнг-Вэйден басым түсті Ал финалда моңғол балуаны Сухбат Биамбасуренге жол берді.

Осы салмақта қола жүлде үшін қазақстандық дзюдошылар - Мағжан Шамшадин мен Шерзод Давлатов өзара күресуі тиіс еді. Алайда Мағжан Шамшадин жарақатына байланысты татамиге шыға алмады. Нәтижесінде қола медаль Шерзод Давлатовтың қанжығасына бұйырды.

Сондай-ақ, жарыстың бірінші күні 66 келіде Нұрқанат Серікбаев пен Ақылжан Жұбатқанов және әйелдер санатында 52 келідегі Меруерт Сәрсенова бесінші орынға тұрақтады.