Қазақстан бокс құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан ерлер бокс құрамасының жаттықтырушылар штабы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын бес боксшыны анықтады.

Құрама сапына Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) енді.

Айта кетейік, бес боксшының барлығы 2026 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов және Нұрбек Оралбай алтын медаль жеңіп алса, Төрехан Сабырхан күміске, ал Махмұд Сабырхан қола жүлдеге ие болды.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталады.