Қазақстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынын жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Есенов Қайсар

Фото: Есенов Қайсар

Қазақстандық спортшы Нұрталап Кәрім Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан өкілі шабандоздардың дәстүрлі күресі аударыспақтан жеңімпаз атанды. Финалда Кәрім Қырғызстан спортшысын жеңді. Бұл медаль Қазақстан құрамасының биылғы ойындардағы алғашқы алтыны болды.

Айта кетейік, Нұрталап Кәрім — аударыспақтан Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Ол ұлттық чемпиондық атақтарының бірін 2025 жылы ересектер арасындағы ел чемпионатында жеңіп алған.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Бішкекте ұйымдастырылды, ал негізгі жарыстар Ыстықкөл облысының спорт нысандарында өтіп жатыр.