Қазақстан футзалдан әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді

Темирлан Мажекенов ··
ҚФФ

ҚФФ

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА штаб-пәтерінде футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңінің негізгі раундына жеребе тарту рәсімі өтті.

Іріктеудің негізгі раундында 36 ұлттық құрама қатысып, олар 12 топқа бөлінеді (әр топта 3 командадан). Ойындар «үйде және сыртта» жүйесі бойынша өтеді.

Қазақстан құрамасы 6-топқа түсті, онда Беларусь және Албания құрамаларымен кездеседі.

Негізгі раундтағы матчтар 2026 жылғы 12–21 қазан, 2–11 қараша, 6–9 желтоқсан күндері, сондай-ақ 2027 жылғы 22 ақпан – 3 наурыз аралығында өтеді.

Негізгі раунд қорытындысы бойынша 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған ең үздік 4 команда элиталық раундқа тікелей жолдама алады. Ал өз топтарында екінші орын алған тағы 8 құрама плей-офф кезеңі арқылы келесі кезеңге өту үшін күресін жалғастырады.