Қазақстан – Молдова: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясы

ҚФФ
Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші турында Молдоваға қарсы ойнайды.
Кездесу 2 қазанда «Астана Аренада» өтеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтың негізгі оқиғаларын Sport-hub.kz Telegram арнасындағы live форматында да бақылауға болады.
Қазақстан құрамасы биылғы турнирдегі алғашқы үй матчына бір ұпаймен келіп отыр. Ұлттық құрама турнирді сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсуден бастады. Кейін Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді. Молдова құрамасының да еншісінде бір ұпай бар: словактарға 0:2 есебімен есе жіберіп, Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті. Екі турдан кейін Словакия алты ұпаймен көш бастап тұр. Фарер аралдарында – екі, Қазақстан мен Молдовада бір-бір ұпайдан.
Құрамалар соңғы рет 2022 жылдың наурыз айында Ұлттар лигасының С дивизионында қалу үшін өткен плей-офф матчтарында кездескен. Ол кезде Қазақстан Кишиневте 2:1 есебімен жеңіп, қарымта ойында өз алаңында 0:1 есебімен жеңілген. Екі матчтың қорытындысы 2:2 болып, пенальти сериясында Қазақстан 5:4 есебімен басым түсті.