Басты бет
·
Хоккей

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын Жапонияны жеңумен бастады

Каирбек Тулегенов ··
Фото: IIHF

Фото: IIHF

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында басталған Азия чемпионатының алғашқы матчында Жапонияны жеңді.

Бірінші кезеңде Юто Танэичидің шайбасынан кейін жапониялықтар есеп ашты. Алайда қазақстандықтар араға көп уақыт салмай таразы басын теңестірді. Гол авторы – Максим Мұхәметов.

Екінші кезеңнің басында Александр Мигунов Қазақстан құрамасын алға шығарды. Кейін қарсылас команда сан басымдығына ие болып, Шунта Кимура оны сәтті пайдаланды. Осылайша, екінші кезеңнен кейін есеп 2:2 болды.

Шешуші үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы басымдықты өз қолына алды. Сан басымдығын сәтті пайдаланған астаналық «Номад» клубының қорғаушысы Кирилл Никитин жеңіс шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 3:2.

Азия чемпионаты – 2026

Жапония – Қазақстан – 2:3

Шайбалар: Танэичи, 03:32 (1:0), Мұхәметов, 04:38 (1:1), Мигунов, 27:11 (1:2), Кимура, 33:40 (2:2), Никитин, 50:02 (2:3).