Қазақстан құрамасы дзюдодан Прагада өткен Еуропа кубогын төрт медальмен аяқтады

Фото: IJF
Қазақстан құрамасы Прагада өткен дзюдодан Еуропа кубогын екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына бір алтын және бір күміс медаль қосты.
100 кг-нан жоғары салмақ дәрежесінің финалында екі қазақстандық дзюдошы кездесті. Ғалымжан Қырықбай Жантилек Нұртилепұлын жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Нұртилепұлы күміс медаль иеленді.
Әйелдер арасында 48 кг-ға дейінгі салмақта Тасним Абдуали қола медаль үшін белдесуде Германия өкілі Хелен Хабибке есе жіберіп, турнирді жүлдесіз аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін 60 кг-ға дейінгі салмақта Шерзод Давлатов алтын медаль жеңіп алса, Нұрадил Әлжан қола жүлдегер атанған еді. Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуропа кубогын екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Чехиядағы дзюдо турнирі 27–28 маусым күндері өтті.