Қазақстан құрамасы Қытайдағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан бокс құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін әлем кубогы кезеңіне 17 спортшымен қатысады. Турнир 15-21 маусым аралығында ұйымдастырылады.

Ерлер құрамасына Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Тимур Қабдешов (55 келіге дейін), Серік Теміржанов (60 келіге дейін), Санатали Төлтаев (65 келіге дейін), Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін), Тимур Нұрсейітов (75 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) енді.

Әйелдер құрамасы сапында Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Лаура Есенгелді (70 келіге дейін), Наталья Богданова (75 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өнер көрсетеді.