Қазақстан құрамасы семсерлесуден алтын жүлде жеңіп алды

Фото: olympic.kz
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында ірі сенсация жасап, финалда әлемнің ең мықты командаларының бірін жеңді.
Қазақстанның ерлер құрамасы шпага бойынша 2026 жылғы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді. Турнир Үндістанның Дели қаласында өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жүлде ұлттық құрама үшін турнирдегі төртінші медаль болды. Кезекті жарыс күнінде дәл ерлер командасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Финалға Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов жолдама алған.
Шешуші бәсекеде қазақстандық шпагашыларға Жапония құрамасы қарсы тұрды. Олар соңғы екі Олимпиадада жүлдегер атанған, оның ішінде алтын мен күміс медальдары бар. Финал өте тартысты өтті. Командалар соңына дейін тең дәрежеде күресті, алайда шешуші сәт Қазақстан пайдасына шешілді. Қорытынды есеп – 45:40.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасының еншісінде Азия чемпионатында төрт медаль бар.
Бұған дейін жекелей сайыста Ирина Бақалдина алтын медаль жеңіп алған болатын. Руслан Құрбанов қола жүлдегер атанды. Тағы бір қола медальді Қазақстанға ерлер құрамасы семсерлесудегі командалық сайыста әкелді.