Қазақстан құрамасы Түркиядағы садақ атудан әлем кубогы кезеңіне қатысады
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның садақ атудан ұлттық құрамасы 9-14 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында өтетін Әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады.
Турнирге қатысушылар тізімін халықаралық World Archery федерациясы жариялады.
Классикалық садақ ату жарыстарында Қазақстан намысын Ильфат Абдуллин, Даулеткелді Жаңбырбай, Иван Берча, Дастан Кәрімов, Александра Землянова, Диана Тұрсынбек, Медина Мұрат және Самира Жұмағұлова қорғайды.
Ал блокты садақ дисциплинасында ұлттық құрама сапына Виктория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова, Диана Юнусова, Андрей Тютюн, Ақбаралы Қарабаев, Бунед Мирзаметов және Мұса Ділмұхамет енді.