Қазақстан құрамасы үстел теннисінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
ҚР ХОК

ҚР ХОК

Қазақстанның үстел теннисінен жастар құрамасы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкокта өтеді.

U19 жас санатында Қазақстан намысын Алан Құрманғалиев, Қадырәлі Қабдылуахитов, Нұрислам Қасым, Арнұр Оралханов, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Алиса Цвигун және Дарья Гамова қорғайды.

Ал U15 санатында ұлттық құрама сапында Нұрдәулет Азаматұлы, Мансұр Сүйіндік, Игитали Сұлтанмұратов, Марлен Жұмағұл, Мария Лукьянова, Жәния Бекмұхамбетова, Ойдин Камилжанова және Амира Әлімгерей өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар Астанада өтіп жатқан соңғы оқу-жаттығу жиынында Азия чемпионатына дайындықтарын пысықтауда.

Айта кетейік, 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионаты 27 маусым мен 4 шілде аралығында Таиландтың Бангкок қаласында өтеді.