Қазақстан құрамасының экс-хоккейшісі «Барыс» жүйесіндегі бір клубты тізгіндеуі мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Pro Hockey League

Фото: Pro Hockey League

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ильгиз Нуриев «Қар барыстары» клубының жаңа бас бапкері атануы мүмкін.

«Головой об лёд» телеграм-арнасының мәліметінше, белгілі маман «Барыс» басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Астанаға келген және жастар командасының бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр.

Өткен маусымда Нуриев Владивостоктың «Тайфун» жүйесінде жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен команда МХЛ-дың Батыс конференциясындағы «күміс» дивизионда жеңіске жетті. Бұған дейін қазақстандық маман петропавлдық «Құлагерді» де жаттықтырған.

Ойыншылық мансабында Нуриев «Қазақмыс», «Сарыарқа», «Арыстан» және «Құлагер» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан құрамасының сапында ол 2017 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Өткен маусымда «Қар барыстары» МХЛ-дың Шығыс конференциясындағы «күміс» дивизионда тоғызыншы орын алса, 58 матчта 25 ұпай жинап, плей-ин кезеңіне шыға алмады.

Қазақстан құрамасының экс-хоккейшісі «Барыс» жүйесіндегі бір клубты тізгіндеуі мүмкін – sport-hub