Қазақстан құрамасының капитаны «Динамоға» бірінші минутта жеңіс сыйлады

Aibar Rysdaulet··
«Динамо» Мәскеу ӘФК

«Динамо» Мәскеу ӘФК

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Юлия Мясникова Мәскеудің «Динамо» командасына Ресей әйелдер Суперлигасының 18-туры аясында «Крылья Советовты» жеңуге көмектесті. Кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

Қазақстандық футболшы матчты негізгі құрамда бастап, есепті бірінші минутта ашты. Бұрыштамадан кейінгі допты Мясникова қорғаушылардан бұрын жетіп, баспен дәл бағыттады.

Футболшы алаңда толық матч өткізді. Кездесудің соңына қарай ол дубль жасауға жақын болды. Алайда оның соққысынан кейін «Крылья Советов» қорғаушысы допты қақпа сызығынан шығарып үлгерді.

«Динамо» 16 матчтан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Ал «Крылья Советов» 27 ұпаймен бесінші орында келеді. Мәскеулік команда келесі кездесуін 12 қыркүйекте өз алаңында «Чертановомен» өткізеді.

Қазақстан құрамасының капитаны «Динамоға» бірінші минутта жеңіс сыйлады – sport-hub