Қазақстан құрамасының қақпашысы Бояркин «Барыстан» кетуі мүмкін
Бөлісу

«Барыс» ХК
Қазақстан құрамасының қақпашысы Никита Бояркин осы маусымаралық кезеңде «Барыстан» кетуі мүмкін.
Журналист Артур Хайруллиннің мәліметінше, «Барыс» басшылығы жаңа ойыншы Хантер Шепардқа сенім артуды көздеп отыр. Осыған байланысты астаналық клуб Бояркинді құрамда қалдыруды жоспарламайды.
27 жастағы қазақстандық қақпашының қазіргі келісімшарты «Барысқа» 300 миллион теңгеге түседі. Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында Бояркин 15 матч өткізді. Ол соққылардың 90%-ын қайтарып, сенімділік коэффициенті 2,7 болды.
Еске салайық, 2025/26 жылғы ҚХЛ маусымының қорытындысы бойынша «Барыс» 68 матчта 54 ұпай жинап, Шығыс конференциясында оныншы орын алды. Команда Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне шыға алмады.