Басты бет
·
Шахмат

Қазақстан шахмат Олимпиадасында жетінші жеңісіне қол жеткізді

Каирбек Тулегенов ··
Фото: ДРС

Фото: ДРС

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасында оныншы тур аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы Франция командасын жеңіп, көшбасшылар үштігіндегі орнын сақтап қалды.

Алғашқы партияда Бибісара Асаубаева Деймантэ Даулитэ-Корнеттті жеңді. Алуа Нұрман Мари Себагпен тең түсті. Меруерт Камалиденова Софи Мильеге есе жіберді. Шешуші партия төртінші тақтада өтті. 16 жастағы Елназ Қалиахмет ойын барысында Полин Гишардан ұтылып жатып, қарсыласының қателігін пайдаланып, жеңіске жетті. Партия шамамен алты сағатқа созылды.

Осылайша, Қазақстан Францияны 2,5:1,5 есебімен жеңді. Он турдан кейін қазақстандық шахматшылар 17 ұпай жинап, 189 команданың арасынан екінші орында тұр. Көш басында – 18 ұпайы бар Қытай. Үшінші орынды Үндістан, Польша және Вьетнам құрамалары 16 ұпайдан бөлісіп тұр.

Қазақстанның ерлер құрамасы Түрікменстанды 3:1 есебімен жеңіп, 205 команданың арасынан 33-орында келеді. Ерлер арасындағы жарыста он турдан кейін Өзбекстан 18 ұпаймен көш бастап тұр. Үндістанның еншісінде – 17 ұпай. Германия, Украина және Венгрия құрамалары 16 ұпайдан жинаған.

Ертең, 27 қыркүйекте, шахмат Олимпиадасының қорытынды, 11-туры өтеді.