Қазақстан триатлоннан Еуропа кубогында екінші медалін жеңіп алды
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді.
Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Әлхам Мұрат және Арсений Шевченкодан құралған Қазақстан құрамасы аралас эстафетада 1:34:56 уақыт көрсетіп, күміс медаль иеленді.
Жарыстың жеңімпазы 1:34:31 нәтижесімен Румыния құрамасы атанса, 1:35:42 уақыт көрсеткен Түркия құрамасы қола жүлдені еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Диана Ержанова осы турнирдің жекелей сынында жеңіске жетіп, алтын медаль жеңіп алған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасының Изворанидегі Еуропа кубогы кезеңіндегі жүлделер саны екіге жетті.