Қазақстан U-16 құрамасы жеңіске жетті
Бөлісу

ҚФФ
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Шымкентте өткен оқу-жаттығу жиыны аясындағы екінші жолдастық матчта Қырғызстан құрамасын 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Есеп 52-минутта Бекнұр Нұрманның голымен ашылды. Кейін алаң иелерінің басымдығын 72-минутта Максим Бонет арттырды, одан бес минут өткен соң Никита Духов тағы бір гол соқты. 84-минутта Ерасыл Ибадулла қарсылас қақпасын дәл көздеп, есепті ұлғайтты. Ал матчтың соңғы нүктесін 88-минутта пенальтиді сәтті орындаған Алихан Қуандық қойды.
Қазақстанның U16 құрамасы оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтап, Қырғызстандағы құрдастарын екі матчта да жеңді. Бірінші кездесуде қазақстандық футболшылар 1:0 есебімен басым түскен еді.