Басты бет
·
Футбол

Қазақстан U-19 құрамасы Швейцариядан жеңілді

Каирбек Тулегенов ··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі футболдан жасөспірімдер құрамасы Словакияда өтіп жатқан Youth Nations Cup халықаралық турниріндегі екінші матчын өткізді.

Тимур Қасымов шәкірттері Швейцария жастарына 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды Аламгир Смақов соқты. Шабуылшы 65-минутта мергендік танытты.

Еске салайық, Қазақстан U-19 турнирдегі алғашқы кездесуінде Словакиямен 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Жасөспірімдер құрамасы турнирдегі соңғы матчын 1 қазанда Польшаға қарсы өткізеді.

Қазақстан U-19 құрамасы Швейцариядан жеңілді – sport-hub