Басты бет
·
Футбол

Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы матчында Фарер аралдарымен тең түсті

Каирбек Тулегенов ··
Қазақстан Ұлттар лигасындағы алғашқы матчында Фарер аралдарымен тең түсті

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы тур аясында Фарер аралдарына қарсы матч өткізді.

Қазақстан құрамасы сырт алаңдағы кездесуді 14-минутта гол жіберіп алудан бастады. Аки Самуэльсен Андриас Эдмундссонның пасын нәтижелі аяқтап, алаң иелерін алға шығарды. Алайда араға 12 минут салып, қазақстандық футболшылар есепті теңестірді. Бұрыштамадан кейінгі допқа Темірлан Ерланов бірінші жетіп, қарсыластар қақпасын дәл көздеді. 

Кездесу соңына дейін есеп өзгермей, 1:1 болып аяқталды.

Осылайша, екі команда да алғашқы турда тең түсіп, бір-бір ұпайдан еншіледі.

Ұлттар лигасының екінші турында Қазақстан құрамасы 29 қыркүйекте сырт алаңда Словакиямен кездеседі. Ал Фарер аралдары Молдовамен сырт алаңда ойнайды.