Қазақстан ұлттық құрамасына шетелдік бапкер тағайындалуы мүмкін

Фото: Iltahleti
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері қызметіне негізгі үміткердің есімі белгілі болды.
Спорт блогері Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, ұлттық команданы жақын уақытта 62 жастағы фин маманы Маркку Канерва баптауы мүмкін.
Қазіргі таңда оның кандидатурасы Талғат Байсуфинов қызметінен кеткеннен кейін қарастырылып жатқан негізгі нұсқалардың бірі ретінде бағалануда.
Маркку Канерва фин футбол тарихындағы ең табысты жаттықтырушылардың бірі саналады. Оның басшылығымен Финляндия құрамасы 2019 жылы алғаш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған. Бұл нәтиже фин командасы үшін тарихи жетістік болды.
Алайда соңғы кезеңде Канерваның жетекшілігіндегі Финляндия құрамасының нәтижелері сәтсіз болды. УЕФА Ұлттар лигасының 2024/25 маусымында команда топтық кезеңдегі барлық алты матчта жеңіліс тапты. Жалпы доп айырмасы 2:13 болды. Сәтсіз турнирден кейін Финляндия футбол қауымдастығы бапкермен келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Маркку Канерва жұмыссыз және Қазақстан құрамасын қоса алғанда, әлеуетті жұмыс берушілермен келіссөз жүргізуге ашық күйде отыр.