Қазақстан жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына құрамын жариялады

ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады. Дүбірлі дода 5–9 тамыз аралығында АҚШ-тың Орегон штатында өтеді.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 11 жеңіл атлет қорғайды.
Ұлттық құрама сапына Максим Сажнев (диск лақтыру), Шерхан Егизбай мен Егор Струков (спорттық жүріс, 5000 метр), Глеб Гладилов (үш қарғып секіру), Кирилл Савченко (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Богдан Гончаров (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Маргарита Стороженко (спорттық жүріс, 5000 метр), Анна Черкашина (сырықпен секіру), Антонина Чернышова мен Алина Головина (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру), сондай-ақ Софья Киденко (400 метр) енді.
U20 әлем чемпионаты 9 тамыз күні АҚШ-тың Орегон штатында аяқталады.