Басты бет
·
Бокс

Қазақстан жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші медалін жеңіп алды

Каирбек Тулегенов ··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Сабрина Чакомановаға қарсы жұдырықтасты.

Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан (5:0) өзбекстандық боксшының жеңісін тіркеді. Осылайша Марал Төлепберген Олимпиаданы қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) финалға жолдама алған болатын.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны беске жетті. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велоспортшы Әнел Ташбай алтын медаль жеңіп алса, триатлоншы Рамазан Айнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге ие болған еді.