Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Qazathletics

Фото: Qazathletics

Қазақстан құрамасы Гонконгта өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Ұлттық құрама қоржынына алғашқы медальді үш қарғып секіруден Мария Щипачева салды.

Қазақстандық спортшы өзінің ең үздік мүмкіндігінде 12,70 метр нәтижесін көрсетіп, құрлықтық біріншіліктің қола жүлдегері атанды.

Алтын медальді Қытай өкілі Се Ицин жеңіп алды. Ол 13,36 метрге секіріп, жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде үндістандық Садхана Равиге бұйырды. Оның нәтижесі — 12,84 метр.

Жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты Гонконгта өтіп жатыр және 31 мамырға дейін жалғасады.