Қазақстандық әлем чемпионы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ульяна Калиаскар··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан (97 кг) Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sporthub.kz.

Финалдық белдесуде Айтмұхан Шығыс Қазақстан облысының балуаны Нұрдәулет Бекеновпен кездесіп, оны мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Финалға дейін Ризабек Айтмұхан барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты:

1/8 финал — Әкежан Айтбековты 11:0 есебімен жеңді

Ширек финал — Мүслім Жақыповты 11:0 есебімен жеңді

Жартылай финал — Иманғали Қалдыбекті 10:0 есебімен жеңді

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — 2023 жылғы әлем чемпионы.