Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Қазақстандық ауыр атлет Любовь Ковальчук Қытайдың Нинбо қаласында өткен әлем чемпионатында алтыншы орынға ие болды.
Отандасымыз 86 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 263 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 116 келіні, ал серпе көтеруде 147 келіні көтерді.
Бұл салмақта Қытай спортшысы Ян Ли 317 келі (147+170) нәтижемен әлем чемпионы атанды. Күміс жүлдені оңтүстіккореялық Пак Хе Чон 286 келімен (125+161) жеңіп алса, оның отандасы Ким Хе Йон 277 келі (118+159) нәтижемен қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын қоссайыс бойынша бір күміс медальмен аяқтады. Оны 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрғиса Әділетұлы жеңіп алды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы жұлқа және серпе көтеруде екі кіші күміс медаль иеленді.
Айта кетейік, ауыр атлетикадан келесі әлем чемпионаты 2027 жылы Арменияның Ереван қаласында өтеді. Ал 2028 жылғы әлем біріншілігін Астана қабылдайды.