Қазақстандық балуан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Аружан Талгат··
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Әли Алмас Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін қазақстандық балуан турнирдің алғашқы екі кезеңінен сенімді өтіп, жартылай финалға жолдама алды. Жарыстың алғашқы белдесуінде Әли Алмас венгриялық Бенедек Томборды 9:0 есебімен айқын жеңсе, кейін қырғызстандық Абдушукур Дурусалиевті де 8:0 есебімен жеңіп шықты.

Енді қазақстандық балуан жартылай финалда армениялық Арарат Аветисян мен өзбекстандық Жовохир Шарибоев арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады. Бұл белдесудің нәтижесі жартылай финалдың екінші қатысушысын анықтайды.

Қазақстандық балуан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты – sport-hub