Қазақстандық балуандар Таиландтағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: UWW
Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілдері Данияр Қанағатбек пен Еркебұлан Анапия Таиландтың Сирача қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Данияр Қанағатбек 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарса, Еркебұлан Анапия 82 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды.
Осылайша Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен жарысты екі алтын медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Еркебұлан Анапия бұған дейін 2026 жылдың шілдесінде Таиландтың Паттайя қаласында өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ол кезде де қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.
Thailand Open халықаралық турнирі 18–22 қараша аралығында өтіп жатыр. Жарыс бағдарламасына грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресі енгізілген.
Турнир Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда.