Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі жаңа орындары белгілі болды

Фото: Irfin Promotions
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) жаңартылған рейтингтерді жариялады. Өзгерістер бірнеше қазақстандық кәсіпқой боксшыға қатысты өтті.
Ең басты өзгеріс – Бек Нұрмағанбеттің екінші орта салмақ дәрежесіндегі рейтингтен шығып қалуы. Бұған дейін қазақстандық боксшы үміткерлер арасында 11-орында тұрған еді.
WBA Asia чемпионы Руслан Мәдиев жартылай орта салмақтағы орнын жақсартып, тоғызыншы сатыдан сегізінші орынға көтерілді.
Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек төртінші орнын сақтап қалды. Рейтингтің бірінші сатысы болса бұрынғыдай бос тұр. Қазақстандық боксшыдан жоғары марокколық Муса Голам мен британиялық Джеймс Диккенс орналасқан. Ал бұл салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы ирландиялық Энтони Какасқа тиесілі.
Тағы бір WBA Asia белбеуінің иегері Елшат Нығметолла жеңіл салмақтағы рейтингте сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді.