Қазақстандық Евгений Быковский арбадағы теннистен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Каирбек Тулегенов ··
Қазақстандық Евгений Быковский арбадағы теннистен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық параспортшы Евгений Быковский словакиялық теннисші Томаш Масарикпен жұп құрып, Польшаның Плоцк қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен арбадағы теннистен Plock Open халықаралық турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды.

Финалда Қазақстан мен Словакия дуэті Түркия және Жапония өкілдері Фатих Каратас пен Тихиро Ёсикаваны 2:0 есебімен жеңді. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен аяқталды.

Жарыста Евгений Быковскийден бөлек, Қазақстан намысын Айжан Бутимбаева, Ердәулет Қадырбергенов, Жанат Үмүтқұлова және Нұрсұлтан Ниязқұлов қорғады. Турнирге Франция, Германия, Эстония, Польша, Жапония, Ұлыбритания, Словакия, Латвия, Түркия, Болгария және Чехия спортшылары да қатысты.

Айта кетейік, Евгений Быковский Айжан Бутимбаева және Ердәулет Қадырбергеновпен бірге Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарында Қазақстан сапынан дебют жасайды.