Қазақстандық файтер Жапониядағы беделді ММА лигасында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді

nurkhan_zhumagazy
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Нұрхан Жұмағазы Жапонияның Тиба қаласында өткен RIZIN 55 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Отандасымыз жеңіл салмақ дәрежесінде оңтүстіккореялық Кёнг Пхё Киммен кездесті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундта аяқталды.
Нұрхан Жұмағазы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, төрешілер шешіміне жеткізген жоқ.
Бұл қазақстандық спортшының кәсіби мансабындағы 12-жеңісі болды. Оның еншісінде бір ғана жеңіліс бар.
Сонымен қатар Жұмағазы Жапонияның беделді RIZIN промоушеніндегі жеңісті сериясын үш жекпе-жекке жеткізді.