Қазақстандық гимнаст қыздар Қытайдағы Азия чемпионатын бастады

ДРС баспасөз қызметі
Қазақстандық гимнаст қыздар Қытайдың Цуньи қаласында басталған спорттық гимнастикадан әйелдер арасындағы Азия чемпионатындағы өнерлерін бастады.
Бүгін іріктеу кезеңінің жарыстары өтті. Оның қорытындысы бойынша финалда жүлде үшін күресетін спортшылар анықталады.
Ересектер құрамасында Қазақстан атынан Дарья Ясинская, Амели Нүкүшева, Эвелина Ежова, Амина Халимарден және Радмила Тарасова өнер көрсетуде.
Ал жасөспірімдер санатында ел намысын Ева Тациева, Илана Раздықова, Ульяна Пухова, Екатерина Лебедь және Саида Қасымжанова қорғауда.
Құрлықтық біріншілік 25–28 маусым аралығында өтеді. Айта кетейік, бұл турнир қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін ХХ Азия ойындарына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады.