Басты бет
·
Киберспорт

Қазақстандық киберспортшы Counter-Strike 2 ойынында қатарынан екінші ірі турнирде жеңіске жетті

Дина Хамзина··
Фото: instagram danil.molodoy

Фото: instagram danil.molodoy

Қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко (molodoy) Бразилияның FURIA командасымен бірге PGL Masters Bucharest 2026 турнирінің чемпионы атанды. Шешуші матчта оның командасы Nemiga Gaming ұжымын 3:2 есебімен жеңді.

Семей қаласының тумасы Данил «molodoy» Голубенко Counter-Strike 2 дисциплинасында кезекті мәрте ірі жетістікке қол жеткізді. 31 қазанда Румыния астанасы Бухарестте аяқталған халықаралық турнирдің финалында FURIA мен Nemiga Gaming кездескен болатын.

Бес картаға созылған тартысты матчта алғашқы жеңісті Nemiga Gaming иеленді. Олар Ancient картасында қарсыласын 13:2 есебімен ойсырата ұтты. Алайда FURIA кейін ойын тізгінін өз қолына алып, Dust2 (13:5) және Cache (13:2) карталарында басым түсті.

Төртінші картада Nemiga Gaming Mirage алаңында 13:11 есебімен жеңіске жетіп, сериядағы тепе-теңдікті қалпына келтірді. Чемпион тағдыры шешілген Nuke картасында FURIA 13:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық киберспортшы өнер көрсететін команда турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Данил Голубенко финалдық кездесуде 59 қарсыласын жойып, 58 рет қаза тапты. HLTV нұсқасы бойынша оның рейтингі 0,90 болды. Ал финалдың үздік ойыншысы оның командаласы Марекс «YEKINDAR» Галинскис атанды. Латвиялық киберспортшы 82 фраг жинап, 57 рет қаза тапты. Оның рейтингі 1,56 болды.

Сонымен қатар YEKINDAR турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) атанды.