Қазақстандық Медғат Жақыпбек OPEN FC лигасының титулын жеңіп алды
Бөлісу

Фото: скриншот / instagram open_fc_mma
Қазақстандық жауынгер Медғат Жақыпбек Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен аралас жекпе-жек өнерінен OPEN FC 68 халықаралық турнирінің басты жекпе-жегіне қатысты.
Үш раундқа жоспарланған чемпиондық жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін Жақыпбек «Сечь Про» командасының өкілі, ресейлік Владислав Фокинмен кездесті. Қазақстандық спортшы жекпе-жекке қысқа мерзімде шақырылғанына қарамастан, төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Медғат Жақыпбек ресейлік OPEN FC лигасының уақытша чемпиондық белбеуінің иегері атанды. Ал Владислав Фокин кәсіби мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.