Қазақстандық мерген Словениядағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazarchery_official

Фото: kazarchery_official

Қазақстандық садақшы Ильфат Абдуллин Словенияның Камник қаласында өткен Veronica's Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол классикалық садақ атудан өткен жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жекелей сында финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде үндістандық Сачин Гуптамен сайыс өткізді. Финалда Абдуллин қарсыласын 6:4 есебімен жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының қоржынына блоктық садақ атудан әйелдер командасы тағы бір жүлде салды. Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян қола медаль иеленді.