Қазақстандық падел спортшылары FIP әлемдік рейтиңіндегі позицияларын жақсартты

Темирлан Мажекенов ··
Фото: Shutterstock

Фото: Shutterstock

Халықаралық падел федерациясы (FIP) ойыншылардың жаңарған әлемдік рейтиңін жариялады.

ҚПФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық спортшылар FIP рейтиңіндегі позицияларын жақсартуды жалғастыра түсуде. Ел өкілдері арасындағы ең үздік нәтижені Жәнібек Үмбетов көрсетті — ол бірден 43 сатыға көтеріліп, 510-орынға жайғасты және Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Родион Пак та айтарлықтай прогреске қол жеткізді. 68 позицияға жоғарылаған ол әлемдік рейтингте 553-орынға көтерілді. Евгений Данилов та көрсеткішін жақсартып, қазір бір саты жоғарылап 536-орында тұр. Ян Брек те едәуір серпіліс жасап, 53 орынға көтерілді де, 754-сатыға орналасты.

Қазақстандық падел үшін бұл сәт тарихи жетістікке айналмақ — бұған дейін ел ойыншылары FIP рейтингінде мұндай жоғары орындарға көтерілмеген еді.

Айта кетейік, жуырда Жәнібек Умбетов пен Родион Пак FIP Bronze Phangan халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға дейін жетті.