Қазақстандық паделшілер Халқыаралық FIP рейтингінде жоғарылады
Бөлісу

Фото: NPF
Паделден Халықаралық федерациясы FIP әлемдік рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, онда қазақстандық спортшылар өз орындарын жақсартқан.
Ең жоғарғы нәитежеге Жәнібек Үмбетов қол жеткізді. Қазақстандық спортшы 18 сатыға жоғарылап, әлемдік рейтингте 491-орынға көтерілді.
Сондай-ақ Родион Пак та айтарлықтай ілгеріледі — ол 24 орынға жоғарылап, 531-орынға тұрақтады. Ал Евгений Данилов әлемдік рейтингте 576-орынды иеленіп отыр. Қазақстанның үздік паделшілері қатарында Ян Брек пен Алдияр Мұздыбаев та бар.
Жаңартылған рейтингте олар тиісінше 777 және 796-орындарға жайғасты.