Қазақстандық шабуылшы «Адмиралдан» кетті

Темирлан Мажекенов ··
ҚХЛ

ҚХЛ

Қазақстандық шабуылшы Аркадий Шестаков «Адмирал» клубынан кетті. Бұл туралы Құрлықтық хоккей лигасының баспасөз қызметі хабарлады.

Форвард Владивосток клубының сапында соңғы екі маусымда өнер көрсетті. Өткен ҚХЛ тұрақты чемпионатында ол 64 матчқа қатысып, 13 (7 гол + 6 нәтижелі пас) ұпай жинады.

Жалпы ҚХЛ-дегі мансабында Шестаков 419 матч өткізіп, 114 (59+55) ұпайдың авторы атанды. Өскемен хоккей мектебінің түлегі 2019-2024 жылдар аралығында астаналық «Барыс» клубының намысын қорғаған болатын.

Өткен маусымда «Адмирал» Шығыс конференциясында 11-орын алып, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Айта кетейік, бұған дейін «Адмирал» 2026/27 жылғы маусымға арналған бапкерлер штабын таныстырған еді. Команданың бас бапкері қызметінде өткен маусымның ортасында тағайындалған Олег Браташ қалды.