Қазақстандық спортшылар Азиада-2026 медальдары үшін қанша сыйақы алады?

ҚР ҰОК
Қазақстандық спортшылар Аичи және Нагояда өткен XX жазғы Азия ойындарында жеңіп алған медальдары үшін ақшалай сыйақы алады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі белгілеген төлем мөлшеріне сәйкес, алтын медаль үшін – 10 мың доллар, күміс медаль үшін – 5 мың доллар, қола медаль үшін – 3 мың доллар теңгемен баламасында төленеді.
Жүлдегерлердің жаттықтырушыларына да арнайы сыйақы қарастырылған. Алтын алған спортшының бапкеріне 5 мың доллар, күміс үшін 3 мың доллар, ал қола медаль үшін 2 мың доллар беріледі. Осылайша, ынталандыру жүйесі спортшылармен қатар оларды жарысқа дайындаған мамандарды да қамтиды.
Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарын 84 медальмен аяқтады: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. 46 ел қатысқан жалпы командалық есепте Қазақстан 8-орын иеленді. Бұл – Ханчжоуда өткен 2023 жылғы Азиадамен салыстырғанда үш сатыға жоғары нәтиже.
XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтті. Жарыстың жабылу салтанаты 4 қазанда өтіп, турнир ресми түрде аяқталады.