Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен беделді халықаралық турнирде ел намысын қорғады

Ульяна Калиаскар··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Лос-Анджелесте үстел теннисінен United States Smash халықаралық турнирі басталды.

Бұл жарыста Қазақстан атынан Кирилл Герасименко мен Зауреш Акашева өнер көрсетті. ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, олар турнирді ерте кезеңде аяқтады. Кирилл Герасименко алғашқы кездесуінде жапониялық Сора Мацусимеге 0:3 есебімен есе жіберіп, негізгі кезеңде жарыстан шығып қалды.

Ал Зауреш Акашева іріктеу кезеңінің алғашқы матчтарында Швеция өкілі Кристина Калльбергті 3:2 және Үндістан спортшысы Диа Читалені 3:2 есебімен жеңді. Алайда іріктеудің үшінші кезеңінде сингапурлық Тан Чжао Юнға 1:3 есебімен жол берді.

Қазақстандық спортшылар үстел теннисінен беделді халықаралық турнирде ел намысын қорғады – sport-hub