Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы ITF турнирінен шығып қалды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тың Лейквуд қаласында өтіп жатқан ITF M15 турниріндегі өнерін аяқтады.

Қазақстан өкілі алғашқы айналымда америкалық Озан Бариске екі сетте жеңіліп қалды — 3:6, 1:6.

Кездесу алаң иесінің басымдығымен өтті. Матч барысында Попко бір эйс жасап, бір қосар қателікке жол берді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қарсыласының төрт геймінде брейк жасай алды.

Қазіргі таңда Дмитрий Попко ATP рейтингінде 661-орында тұр.