Қазақстандық теннисші қыздар WTA жаңартылған рейтингіндегі орындарын білді

Фото: Jimmie48
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екінші орнын сақтап қалды.
Рыбакина 8143 ұпай жинап, екінші орында қалды. Ол 8550 ұпайы бар әлемдік рейтинг көшбасшысы Арина Соболенкодан арақашықтықты қысқартты.
Рейтингтің алғашқы бестігіне сондай-ақ америкалық Джессика Пегула (6301), оның отандасы Коко Гауфф (5649) және ресейлік Мирра Андреева (5293) енді. Уимблдон жеңімпазы Линда Носкова бес сатыға жоғарылап, 5119 ұпаймен жетінші орынға көтерілді.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 877 ұпаймен екі сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 82-орынға жайғасты. Жұптық рейтингте қазақстандық теннисші Анна Данилина 6775 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. Оның жұптағы серіктесі Александра Крунич 6950 ұпаймен бесінші орында тұр.
Қазақстанның басқа өкілдері арасында Жібек Құламбаева 464-орында, Аружан Сағандықова 663-орында, Соня Жиенбаева 729-орында, ал Асылжан Арыстанбекова 940-орында орналасқан.